Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Үздіктер анықталды

Үздіктер анықталды

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай 2017 жылдың 27-30 қараша аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Әділет» студенттік кәсіподақ ұйымы «Елбасы — ұлт мақтанышы» атты үздік шығармалар байқауы мен «Елбасы — ел тірегі» атты факультетаралық қабырға газеттеріне байқау жариялаған болатын.

Аталмыш шараның мақсаты —  мемлекеттік тілді құрметтей білуге тәрбиелеу, студенттерді шығармашылық өнерге баулу, студенттердің шығармашылық белсенділігін қолдау, университет ішіндегі талантты жастарды қолдап, оларды марапаттау.

Байқау — университет факультеттерінің қабырға газеттері ілінген фойеде өтті.  Қазылар алқасы алдымен жұмыстардың дизайнына баға берді, содан кейін газет бетіндегі фотоколлаждарды, белгілер мен суреттерді бағалады.

Үздік шығармалар байқауында әр факультеттен он үміткер қатысып, «Ең үздік» деген шығармалардың жеңімпаздары анықталды.

Атап айтқанда, жүлделі  I орынды филология факультетінің студенті Ақтолқын Жолаушыбай иеленсе, II орынды физика-математика факультетінің студенті Жеткізген Тіркешов, ал III орынды кәсіби-шығармашылық факультетінің студенті Шыңғыс Атапкелов иеленді.

Сондай-ақ, факультеттер арасында қабырға газеттеріне орай ұйымдастырылған байқау нәтижесінде І орынды – кәсіби-шығармашылық факультеті, ІІ орынды – физика-математика факультеті, ал ІІІ орынды – экономика және құқық факультеті иеленді.

Байқау нәтижесінде ұйымдастырушылар жеңімпаздарды марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыстады.