Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Әскери кафедраға іріктеу конкурсы туралы

Әскери кафедраға іріктеу конкурсы туралы

Әскери кафедраға іріктеу конкурсына кімдер қатыса алады?

Жоғары оқу орнында күндізгі бөлімде оқитын, 24 жастан аспаған, соттылығы жоқ Қазақстан Республикасы азаматтары қатыса алады.

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар 4 жылдық мерзімде оқитын студенттер үшін 1 курстан, 5 жылдық мерзімде оқитын студенттер үшін 2 курстан қабылданады.

Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар 4 жылдық мерзімде оқитын студенттер үшін 1,2 курстан, 5 жылдық мерзімде оқитын студенттер үшін 1,2,3 курстан қабылданады.

Іріктеу конкурсы неше кезеңнен тұрады?

Студенттерді әскери кафедраға іріктеу конкурсы төрт кезеңнен тұрады.

  1. Ақтөбе қаласындағы «Астана және Алматы аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі біріккен Басқармасы» РММ (әскери комиссариат) әскери кафедрасында оқуға жарамдылығын анықтау тұрғысынан медициналық куәландырудан өту;
  2. Кәсіби –психологиялық тестілеуден өту;
  3. Дене шынықтыру дайындығы бойынша тексеруден өту;
  4. Рейтингілік балл есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.

Әскери кафедрада оқу қанша жыл?

Запастағы офицерлер 2 жыл оқиды, «Запастағы лейтенант» әскери атағы беріледі.

Запастағы сержанттар 1 жыл оқиды, «Запастағы кіші сержант» әскери атағы беріледі.

Оқу ақылы негізде жүргізіледі. Оқыту «әскери әдіс күні» әдісімен аптасына 1 рет болады.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі

  1. Жеке куәлік (түпнұсқасы мен көшірмесі);
  2. Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі);
  3. Көлемі 3х4 см 2 фотосурет;
  4. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  5. Спорттық жетістіктерді (бар болған жағдайда) растайтын құжат;
  6. Студенттің жоғары оқу орнында нақты оқитыны туралы факультет деканы қол қойған анықтама.

 

Конкурсқа қатысу үшін өтініштер қай кезде қабылданады?

Өтініштер Ақтөбе қаласында әскери есепке тұрғаннан кейін 2023 жылғы 15 қаңтардан бастап қабылданады.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжай бойынша толық ақпарат алуға болады: Маресьева 72, кабинет 26.

Телефон:

8 (7132)  54-16-92

8 (7132)  56-04-09

Ескерту: Ақтөбе қаласындағы «Астана және Алматы аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі біріккен Басқармасы» РММ (әскери комиссариат) әскери есепке тұруыңыз керек.