Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғалым рухына тағзым етілді

Ғалым рухына тағзым етілді

Бүгін қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негізін салушы, тұңғыш профессор, ағартушы-ғалым Құдайберген Жұбановтың туғанына – 123 жыл.

Осыған орай университетте бірқатар шаралар ұйымдастырылды.

Оқу орнының басқарма мүшелері, факультет декандары, құрылым басшылары Құдайберген Жұбанов ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құрметпен тағзым етті.

Университет ректоры Лаура Қарабасова бүгінгі күн оқу орны үшін ерекше екенін, дегенмен қара шаңырақ есімін иеленіп отырған қазақтың біртуар азаматын ұлықтау, зерттеу, насихаттау бойынша жыл бойына оқу орнында өз деңгейінде іс-шаралар өткізіліп жататынын атап өтті.

Шара барысында Құдайберген Жұбановтың немересі Ардақ Жұбанова да атасы туралы өз естеліктерімен бөлісіп, университет басшылығына ризашылығын білдірді.