Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің 2022 жылғы 14 желтоқсанда өткен Аккредиттеу Кеңесі университетіміздің 10 білім бағдарламасын 5 жылға аккредиттеу жөнінде шешім қабылдады.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 23-25 қараша аралығында аталған Агенттік тарапынан құрылған сыртқы сарапшылар комиссиясы университетіміздің келесі білім беру бағдарламаларына мамандандырылған аккредиттеу рәсімін өткізген болатын.

 

ББ атауы Аккредиттеу мерзімі
1. 6В01102-Психология және білім беру менеджменті 5 жыл
2. 6В01401-Музыкалық білім 5 жыл
3. 6В01705-Қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті 5 жыл
4. 6В01706-Шетел тілі: екі шетел тілі 5 жыл
5. 6В01707-Ағылшын тілі және информатика 5 жыл
6. 6В02302-Аударма ісі 5 жыл
7. 6В02303-Шетел филологиясы 5 жыл
8. 6В03102-Клиникалық психология 5 жыл
9. 7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті 5 жыл
10. 7M01706-Шетел тілі: екі шетел тілі 5 жыл

 

Аккредиттеу аралас форматта (on-line және off-line) режимінде өтті. Аккредиттеу рәсімі проректорлармен АРТА сыртқы сарапшыларымен кездесуінен басталды. Үш күн ішінде сарапшылар құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, декандармен, кафедра меңгерушілерімен, жұмыс берушілермен, түлектермен және студенттермен кездесулер өткізді. Сондай-ақ, ББ практика базалары мен кафедра филиалдары жұмысымен танысты.

Университет ұжымының аккредиттеуге дайындық кезіндегі қажырлы еңбегі, ұжым мүшелерінің іс-шараларды үлкен жауапкершілікпен атқаруы, білім бағдарламаларының жұмыс берушілері мен түлектерінің аккредиттеу рәсімі аясында өткізілген сұхбаттасуға белсенді түрде қатысуы маңызды кезеңнен сәтті өтуге негіз болды.

Аккредиттеуден сәтті өткен барлық мамандықтар ұжымын алған белестерімен құттықтаймыз!

 

 

Академиялық сапаны арттыру департаменті