Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Депутаттар кездесуі

Депутаттар кездесуі

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Оразбек Далмағамбетов бастаған облыс депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерінің бір тобы облыстық өлкетану мұражайына барып, Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған экспозициямен танысты.

Депутаттар мұражай қызметкерлерімен кездесіп, депутаттық корпустың, облыстық мәслихаттың қызметі туралы айтып, біздің тарихымызға, тәуелсіздігімізге арналған көрмелер мен экспозицияларды ұйымдастыру арқылы патриотизмге тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаты Бақытқан Жанша бастаған бір топ депутат Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде болды. Мұнда депутаттар филология, археология және басқа да факультеттердің студенттерімен кездесіп, Қазақстан тәуелсіздігі тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Депутаттар жас ұрпақ өкілдеріне елдің сауатты кадрларға мұқтаж екенін айтып, олардың болашағына үлкен сенім артты.

 

Н.ДӘНЕКЕРОВ.

 

/aqtobegazeti.kz/