Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Орынбор мемлекеттік университетідегі (ОМУ) Халықаралық Жазғы мектеп

Орынбор мемлекеттік университетідегі (ОМУ) Халықаралық Жазғы мектеп

2017 жылдың 11-17 қыркүйегі аралығында Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің серіктес жоғары оқу орны Орынбор мемлекеттік университеті ағылшын тілін меңгерген студенттерге Жазғы мектеп ұйымдастырып жатыр. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінен Жазғы мектепке Ан Ольга, Биманова Айнур, Ниязова Арайлым, Куйшенова Анара, Блимова Радина қатысады.

Халықаралық жазғы мектеп шетелдік студенттердің қатысуымен өтеді. Орынбор мемлекеттік университеті тегін оқу, жатақхана және мәдени бағдарламалар ұсынады.
Жазғы мектеп бағдарламасына орыс тілі және мәдениеті, Орынбор аймағының географиясы, экономика және туризм, физика, химия, математика, ақпараттық технологияларды оқу кіреді. Сонымен қатар, студенттер «Еуропа-Азия» шекаралық көпірі, Орал таулары мен даласы, Тұзды көл сияқты Орынбор қаласының көрікті жерлеріне саяхат жасайды.
Жазғы мектеп соңында, студенттерге сертификаттар, ақпараттық пакет табысталады.