Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > Университеттің шығармашыл жастары «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын иеленді

Университеттің шығармашыл жастары «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын иеленді

Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы жастар кеңесінің отырысы барысында облыс әкімі Ералы Тоғжанов жас ақтөбеліктерді құттықтап, жеңімпаздарды марапаттады.

Грант иегері атануға 16-35 жас аралығындағы 103 жас үміткер болған. Осы үміткерлердің ішінен үздік деп танылған 30 жеңімпазға 300 мың теңге көлемінде грант табысталды.

Грант иегері атанғандардың қатарында Жұбанов университетінің студенттері де бар. Атап айтар болсақ, Қуат Құдайбергенов «Үздік жас журналист», Айнұр Шудабаева «Үздік жас көшбасшы» номинацияларымен, Әсел Базарбай және Темірлан Алдажаров «Волонтерлік» бағыты, Мөлдір Жақсыбай «Медиа» бағыты, Әділқазы Есенғалиев «Ақпараттық технология» бағыты бойынша  жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, «Заман біздікі» интеллектуалды элиталар одағы өңірдегі жастар саясатының жүзеге асуына үлес қосқаны үшін тағайындалған облыстық жастар сыйлығының «Үздік пікірсайыс клубы» номинациясымен марапатталды.
Облыс әкімі жастарға сәттілік тілеп, Ақтөбе облысында жастардың әлеуетін барынша толық пайдалану үшін бірқатар шаралар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Жиынға қаламыздағы жоғары оқу орындарының, жастар және волонтерлік ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жеңімпаз студенттерімізді құттықтаймыз!