Пятница, Март 31, 2023
Басты > Жаңалықтар > Оқуға қайта қабылданатын білім алушылар назарына!

Оқуға қайта қабылданатын білім алушылар назарына!

Шетелдік жоғары оқу орнынан ауысқысы келетін немесе ҰБТ сертификаты болмаған жағдайда қазақстандық жоғары оқу орнына қайта қабылданатын білім алушылар өту емтиханын тапсыру керек.

Бакалавриат бойынша шығармашылық білім беру бағдарламаларына емтихан №1 кестеге сәйкес (төменде көрсетілген)  Жұбанов университетінің бас оқу ғимаратында өткізіледі (мекен жайы: А.Молдағұлова даңғылы, 34).

Бакалавриат бойынша шығармашылық емес білім беру бағдарламаларына  емтихан «USTUDY» өңірлік тестілеу орталығында 26 желтоқсанда сағат 14:00-де өткізіледі. (мекен жайы: Сәңкібай батыр даңғылы 16Б).

Тестке қатысу ақысын  Каспи қосымшасы арқылы төлеу қажет.

Қосымша сұрақтар бойынша

8 (7132) 562896, 8 708 471 6548 нөміріне хабарлассаңыз болады.

 

№1 кесте  — бакалавриат бойынша шығармашылық емтихан

 

Б.Б. атауы Пән атауы Кеңес беру Емтихан Апелляция Аудитория
1.

6В01404-Дене шынықтыру және спорт/

 

Мамандандыру бойынша нормативтер

 

 

23.12.2022.

09.00

 

26.12.2022.

09.00

 

 

27.12.2022.

09.00

 

Спорткомплекс

№2

Жалпы дене даярлығы бойынша нормативтер
2. 6В02102-Дизайн Сурет

29.12.2022

14.00

30.12.2022

09.00

30.12.2022

14.00

233 кабинет
Сызу

29.12.2022

14.00

30.12.2022

11.00

30.12.2022

14.00

218 кабинет