Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет ғалымдарының ғылыми жобасы қаржыландыруға ие болды

Университет ғалымдарының ғылыми жобасы қаржыландыруға ие болды

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті республика көлемінде ғылыми–зерттеу жұмыстарының гранттық қаржыландыру конкурсын жариялаған болатын.

Университетіміздің «Биология» кафедрасының оқытушылары Айгүл Калиева, Гүлнұр Адманова, Назерке Кемалова, Бақшагүл Бақытжанқызының бірлесе әзірлеген «Биосинтетикалық белсенділік пен өнімділікті арттыру мақсатында микроскопиялық саңырауқұлақтар негізінде протеаза ферментін алудың ғылыми негізін әзірлеу» тақырыбындағы ғылыми жобасы мақұлданып, 12 ай мерзімге қаржыландыруға ие болды.

Жоба жетекшісі – биология ғылымдарының кандидаты Айгүл Калиева.

Құттықтаймыз!