Пятница, Март 29, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Академиялық адалдық лигасына кіретін 16 ЖОО жұмысына қанағаттану деңгейі анықталды

Академиялық адалдық лигасына кіретін 16 ЖОО жұмысына қанағаттану деңгейі анықталды

Академиялық адалдық лигасына кіретін 16 қазақстандық ЖОО студенттері арасында жүргізілген сауалнама осы білім мекемелерінің қызметіне қанағаттану деңгейі 79,9% екенін көрсетті. Бұл туралы Академиялық адалдық лигасының жалпы жиналыс-форумында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Академиялық адалдық лигасы» ЖОО-лар қауымдастығының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, сауалнамаға 23 457 білім алушы – лига мүшелері қатысқан.

Сауалнама 10 негізгі санат бойынша жүргізілді: академиялық адалдық; пәндерді оқыту және бағалау; бағалау және кері байланыс; тіркеу кезінде пәндерді таңдау; жеке даму; академиялық қолдау; ақпараттық ресурстар мен қызметтер, қатысу, материалдық-техникалық база және кампус, қашықтықтан оқыту.

Пайдаланылған есептеу әдістемесіне сәйкес, лигаға мүше жоғары оқу орындары бойынша қанағаттанудың орташа деңгейі – 79,9%.

«Академиялық адалдық лигасы жалпы жоғары білім берудің дамуына әсер ететін академиялық, адалдық пен әділеттілік аралы ретінде қабылданады. Академиялық адалдық лигасының рөлі – біздің өмірімізді жақсы жаққа өзгертетін оқу процесі арқылы еліміздің құрметті, лайықты азаматын дайындау», — деді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Форум аясында жоғары оқу орындарының өзін-өзі реттеуі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, академиялық адалдық мәдениетін дамыту тетіктері және алқалылық арқылы сапаны қамтамасыз ету сияқты өзекті мәселелеріне арналған пікірталас өтті.

 

/www.inform.kz/