Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ұлттық руханияттың көшбасшысы

Ұлттық руханияттың көшбасшысы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Қ.Жұбанов — ұлттық руханият көшбасшысы» атты халықаралық ғылыми-танымдық семинар өтті.

Ғалымдар бас қосқан жиынды университеттің ректоры Лаура Қарабасова ашып, бұл іс-шараның мән-маңызына тоқталды. Семинарға қазақ, өзбек, түрік ғалымдары онлайн қатысты. Түркияның Ақтеңіз университетінің профессорлары Саваш Шахин «Қ.Жұбанов қазақ тіл білімінің негізін салушы», Лаззат Уракова Йанч «Тұңғыш қазақ тіл білімінің профессоры Құдайберген Жұбанов және еңбектері» тақырыбында баяндамалар оқыды.

Өзбекстаннан Әндіжан мемлекеттік университетінің ғалымы Шохида Шахабитдинова «Қ.Жұбанов еңбектеріндегі фоносемантикалық идеялар мен терминдердің эволюциясы» жайында баян етті. А.Байтұрсынұлы  атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова құттықтау сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Ғалымның ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталған іс-шара ғылыми мұраларының көрмесімен жалғасты. Сонымен қатар Құдайберген Жұбанов мұраларын зерттеуге арналған еңбектердің таныстырылымы болды.

Талғат ТІЛЕУЛЕСОВ.

//aqtobegazeti.kz/