Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Оқуға қайта қабылдау және ауысу бойынша өтініштер онлайн қабылданады

Оқуға қайта қабылдау және ауысу бойынша өтініштер онлайн қабылданады

Оқуға қайта қабылдау және ауысу бойынша өтініштер SMART ARSU мобильдік қосымшасы арқылы 1-4 курс бакалавриат және 1 курс магистратура үшін  2023 жылдың 4–16 қаңтар аралығында, 2 курс және 1 курс (3ж.)  бакалавриат педагогикалық ББ үшін 2023 жылдың 4–9 қаңтар аралығында  онлайн қабылданады.

SMART ARSU мобильді қосымшасы арқылы қайта қабылдауға/ауысуға өтініш беру:

  1. «SMART ARSU» мобильді қосымшасын Play market / App store-дан жүктеу;
  2. «ҚОНАҚ» рөлінде тіркелу;
  3. «СҚКО Темірқазыққа» кіру;
  4. «ОҚУҒА ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ/АУЫСУ» таңдау;
  5. көрсетілген ұяшықтарды толтыру, қажетті құжаттарды тіркеу және «ЖІБЕРУ»;
  6. өтінішті негізгі мәзірдегі «МЕНІҢ ӨТІНІШТЕРІМ» батырмасынан бақылау;
  7. өтінішті қабылдамаған жағдайда себебін білу үшін ПІКІРДІ (комментарий) ашып қарау;
  8. бухгалтерлік есеп бөлімінің жауабы шыққаннан кейін, ПІКІРДЕ (комментарий) көрсетілген оқу ақысы мен пән айырмашылығының ақысын төлеп, 2 түбіртектің көшірмесін алып келіп келісімшартқа отыру.

Оқуға қайта қабылдау үшін қажетті  құжаттар  тізімі:

  1. Білім туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат немесе диплом);
  2. Егер аттестат немесе диплом шетелдік ЖОО-дан берілген болса, белгіленген тәртіппен ҚР нострификациялау  рәсімінен  өтілуі  керек.
  3. Транскрипт немесе академиялық анықтаманың түпнұсқасы;
  4. Оқуға қабылдау, курстан курсқа ауысу, оқудан шығару туралы бұйрықтың көшірмесі;
  5. ҰБТ н/е КТ сертификаты (егер шетелдік ЖОО-нан болса, түсу емтихандары туралы хаттамадан көшірме);
  6. ЖОО-ның лицензиясының  көшірмесі;
  7. Жеке куәліктің көшірмесі;
  8. Ф-№ 075У үлгідегі  медициналық  анықтама (Қ.Жұбанов атындағы АӨУ емханасы арқылы  куәландырылған);
  9. Құжат тігілетін мұқаба (скоросшиватель), конверт А5.

Басқа  ЖОО-нан  ауысу  үшін  қажетті  құжаттар  тізімі:

  1. Оқып жатқан ЖОО-ның басшысының атына жазылған ауысу туралы өтініші  /келісім/ (ЖОО-ның басшысының қолы мен герб мөрі басылған);
  2. Транскрипт (курстан курсқа көшу туралы бұйрық көрсетілген), қол қойылған және мөр басылған;
  3. ҰБТ н/с КТ сертификатының көшірмесі;
  4. Білім беру гранты куәлігінің көшірмесі (егер грант иегері болса);
  5. Аттестат немесе диплом (колледж және ЖОО) көшірмесі;
  6. ЖОО-ның лицензиясының  көшірмесі;
  7. Жеке куәлігінің көшірмесі;
  8. ф-№075У үлгідегі  медициналық  анықтама (Қ.Жұбанов атындағы АӨУ емханасы арқылы  куәландырылған);
  9. Құжат тігілетін мұқаба (скоросшиватель), конверт А5.

 

Қосымша сұрақтар бойынша 8 (7132) 562896, 8 708 471 6548 нөміріне хабарласыңыз.