Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің түлегі Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды

Жұбанов университетінің түлегі Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды

Жүребеков Мұрат Өтемісұлы Жұбанов университетінің 1999 жылғы түлегі. Ақтөбе облысының тумасы.

Мұрат Жүребеков сонымен қатар Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын (іскерлік әкімшілендіру магистрі (МВА), «Strathclyde» университетін (экономика және басқару магистрі), «Басқарушы қызметкерлерге арналған бағдарлама» мамандығы бойынша Гарвард бизнес мектебін тәмамдаған.

Түрлі жылдары «ҚазТрансГаз» ЖАҚ Қарашығанақ жобасы бойынша департаменттің бюджеттік бақылау жөніндегі бас маманы, «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің менеджері, «Аджип ККО» компаниясында Өкілетті органының техникалық тобы жанындағы маманы, Лондон қаласы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Солтүстік Каспий жобасы департаменті директорының орынбасары, «PSA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде келісімшарттар мен маркетинг монторингі департаментінің директорының орынбасары, бизнес пен жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі басқарушы директор, экономика, қаржы, аудит пен бюджет жөніндегі басқарушы директор, бас директор қызметтерін атқарған.

Қазіргі лауазымға дейін ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарып келді.

Мұрат Өтемісұлын жаңа қызметімен құттықтаймыз!