Воскресенье, Январь 29, 2023
Басты > Жаңалықтар > Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды

Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды

Университет ғалымдары тағы бір жетістікке жетті.

Металлургия және тау-кен ісі кафедрасының оқытушылары техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор  Бауыржан Келаманов пен  PhD, қауымдастырылған профессор  Ербол Шабанов мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік ғылыми стипендиялар мемлекет үшін басым бағыттарда іргелі немесе қолданбалы зерттеулер жүргізуге, ғылыми кадрлар даярлауға белсенді қатысатын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге беріледі.

Оқытушыларымызды лайықты марапатымен құттықтаймыз!