Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ғалымның хаты өлмейді

Ғалымның хаты өлмейді

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серік Бермағанбеттің туғанына 60 жыл толуына орай «Кердерінің зергері» атты республикалық ғылыми-семинар өтті.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Ө.Нұрғалиев атындағы  конференц залында өткен ғылыми-семинарға Қазақстанның әр өңірінен, Өзбекстаннан ғалымдар қатысты. Сондай-ақ басқосуға ақтөбелік зиялы қауым өкілдері, магистранттар мен студенттер жиналды.

Шараны филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлжан Шоқым ашып, жүргізді. Ол Серік Бермағанбеттің ғылыми жұмыстары, әсіресе Әбубәкір Кердері шығармаларының маңыздылығын насихаттаудағы еңбегі туралы жан-жақты айтты.

Жиын барысында университеттің ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрдәулет Алдашевтың Серік Жұбандықұлының өмір жолы мен ғылыми шығармаларына арналған «Бір күндік сәуле» атты баяндамасы тыңдалды.Сондай-ақ университет ғалымдары Нұртаза Абдоллаев, Абат Пангереев, Сабыржан Мұхтаровтар да тұшымды баяндама жасады.

Серік Бермағанбет 1989 жылдан бастап 2011 жылдың желтоқсанына дейінҚ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде абыройлы еңбек етті.

Ұстазының жолын қуған гуманитарлық ғылымдар магистрі, қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Рита Жұмағалиеваның естелігі әсерлі болды. Ол Серік Бермағанбеттің сабақ беру тәсілін бейнебаян арқылы көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Шараға онлайн режимде қатысқан ғалымның әр өңірдегі достары Серік Бермағанбет туралы тебірене еске алды.

Жиын соңында Серіктің жары Бағила Мұратбек қонақтарға алғысын білдірді.

Талғат ТІЛЕУЛЕСОВ

//aqtobegazeti.kz/