Четверг, Июнь 13, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Еліміз блокчейн бойынша ең ауқымды білім беру жобасын іске қосады

Еліміз блокчейн бойынша ең ауқымды білім беру жобасын іске қосады

Қазақстан блокчейн саласында әлемдегі ең ауқымды білім беру бастамасын іске қосады.

Келесі жылы қыркүйекте  22 жоғарғы оқу орнында блокчейн инжиниринг және блокчейн комплаенс курстары басталады.  Алдағы уақытта бакалавриат пен магистратура ашылады.

Еліміздегі жоғарғы оқу орындары блокчейн мамандығы бойынша 40 мыңнан астам студент дайындайды. 2023 жылдың ақпан айында оқытушыларға тренингтер өткізілмек.

Нұрбек Сапарқожаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі комитет төрағасының орынбасары: — Алдымен біз курстарды, яғни жекелеген пәндерді оқытуды бастауды жоспарлап отырмыз. Болашақта блокчейн мамандарынан бөлек, экономика бөлімін де ашамыз. Яғни  студент  экономист немесе қаржыгер де бола алады. Сондай-ақ блокчейн инженериясы мен бағдарламашы мамандығын да алып шығады. 2025 жылы блокчейн инженериясы бойынша 2 мың магистрант оқуды бітіреді.   Әрине техника дамыған заманда айти, блокчейн саласы өзекті. Бүгінде 100 бос орынның 85-і цифрлық салаға тиесілі. Сарапшылардың пікірінше блокчейн мамандарына сұраныс үш жылда 500% -ке өседі. Мәселен, биыл жазда 82 000 азамат жұмысқа орналасты. Ал  2025 жылы 410 мың адам қызметке тұрады -дейді мамандар.

Жасұлан Мәдиев, қазақстандық блокчейн экожүйесінің бас менеджері: — Блокчейн экономиканың кез келген саласын, соның ішінде мемлекеттік қызметтер секторын жақсарта алады. Блокчейнді пайдалану ашықтықты қамтамасыз етеді. Яғни алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алады. Бизнестегі және мемлекеттік сектордағы процестерді оңтайландырады. Және  мемлекеттік жүйелер мен деректердің қауіпсіздігін қамтиды. Цифрлық теңге қашан енгізіледі? Елімізде цифрлық теңге 2025 жылдың соңына дейін қолданысқа енгізіледі. Төлем жүйесі заңдастырылады. Қазақстандықтарда қолма-қол ақша мен картадан бөлек, электрондық валюта пайда болады. Әзірге бұл елдегі ауқымды блокчейн жобасы.

Айнұр Кенжаева, «Цифрлық теңге» жобасының жетекшісі: — Технологиялық блок бөлігінде біз тұтынушылармен, сауда және сервистік кәсіпорындармен бірге жұмыс істедік. Экономикалық талдау бағытында сауалнама жүргізілді, осы деректер негізінде біз Цифрлық теңгеге деген сұраныс бар-жоғын зерттедік. Бұл бастама арқылы қаржы нарығында бәсекелестік болады.  Және мемлекеттік бюджеттің тиімділігін арттырады.  Осылайша Қазақстан алдағы уақытта блокчейн саласында бірнеше ауқымды жобаны жүзеге асырмақ.

Наргиз Бекмағанбетова, Сания Копжасарова

//24.kz/