Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Кезекті ғылыми кеңес мәжіліс өтті

Кезекті ғылыми кеңес мәжіліс өтті

Бүгін Жұбанов университетінде кезекті ғылыми кеңес мәжілісі өтті.
Университет ректоры Лаура Қарабасова 2022 жылдың қорытынды жиынында университет жетістіктеріне тоқталып, ұжым алдында алдағы уақытта жаңа жоспарлар мен ауқымды жұмыстар тұрғанын атап өтті.

Ғылыми кеңеске қонақ ретінде «КазЭнергоМаш Экология» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңесінің төрағасы Грегорий Давыдов пен «РЕД» қорының директоры Александр Мандрыкин қатысты.
Оқу орнының басшысы келген қонақтармен университет пен өндіріс арасындағы ғылыми жұмыстар туралы талқылады. Ғылым мен өндірістің байланысын нығайту, ғылыми ізденісті өндіріске енгізу, білім алушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіріп, білімін көтеру мақсатында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды.

Сонымен қатар отырыс барысында университеттің екі ғалымы марапатталды. Университеттің ардагер ұстазы, көлік техникасы, тасымалды ұйымдастыру және құрылыс кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Ахмет Мурзагалиевке «Жұбанов медалі» табысталды. Ректор Ахмет Жақияұлының еліміздің білім мен ғылым саласына, университет дамуына қосқан үлесі ерекше зор екеніне тоқталып, ғалымды мерейтойымен құттықтап өтті.

Сондай-ақ, университет басшысы математика кафедрасының оқытушысы Әміре Жұмағазиевті «Математика» білім бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесімен құттықтады.