Среда, Апрель 17, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жұбанов университетінің студенті «Үздік студент-2022» төсбелгісімен марапатталды

Жұбанов университетінің студенті «Үздік студент-2022» төсбелгісімен марапатталды

Ақтөбе қаласының жастарына қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Жыл үздігі — 2022» жастар сыйлығы табысталды.

Өз саласында елеулі жетістікке жетіп, жастар саясаты бағытында жасаған еңбегі мен атқарған қызметі үшін белсенді жастар бірнеше номинация бойынша төсбелгі тақты.

Марапаттау рәсімінде Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Гүлназ Сисенова жиналғандарды мерекемен құттықтап, үздік жастарға диплом мен арнайы сый-сыяпаттарды табыс етті.

Марапатталған жастардың қатарында біздің Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультетінің студенті Нағашыбай Салауат та бар. Ол «Үздік студент-2022» номинациясының иегері атанды.
Құттықтаймыз!