Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің үш оқытушысы үздік атанды

Жұбанов университетінің үш оқытушысы үздік атанды

«2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Қазақстандық 43 жоғары оқу орнының 150 оқытушысы жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар қатарында университетіміздің үш оқытушысы бар. Атап айтсақ,  «Материалдардың радиациялық физикасы» орталығының жетекшісі, профессор Қуанышбек Шүңкеев, «Физика» кафедрасының меңгерушісі, PhD Зухра Аймаганбетова, «География және туризм» кафедрасының аға оқытушысы, география ғылымдарының кандидаты, доцент Айгул Сергеева.

Олардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алатын болады, бұл шамамен 6 млн теңгені құрайды. Ақшалай ынталандырудан басқа «2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпаздары төсбелгіге ие болады.

Конкурс жыл сайын оқытушы кәсібінің беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамытуға ынталандыру мақсатында өткізіледі.

Айта кетейік, конкурс ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесінің базасында өтті, оның көмегімен қатысушылар барлық кезеңдердің ашықтығын бақылай алды. Комиссия құрамына ҮЕҰ, ЖОО қауымдастықтарының өкілдері және білім беру саласындағы сарапшылар енгізілді.

Жеңімпаз профессор-оқытушыларымызды құттықтаймыз!