Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Министрліктің ведомстволық наградалары табысталды

Министрліктің ведомстволық наградалары табысталды

Бүгін Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова бірқатар оқытушыларға ҚР Ғылым және білім министрі Нұрбек Саясаттың атынан ведомстволық наградалар мен Алғыс хаттарды табыстады.

Оқу орнының басшысы марапат иелерін құттықтап, министрлік тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау — университетімізге көрсетілген құрмет екеніне тоқталды. «Жақсылықты бөліссең көбейеді. Жаңа жыл қарсаңында әр жылдары атқарып келген жұмыстарыңыздың жақсы нәтижесін көру – үлкен қуаныш»,- деді ректор.

Министрліктің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі биология ғылымдарының кандидаты, доцент Алия Базаргалиева мен тарих ғылымдарының докторы, профессор Гүлбану Избасароваға табысталды.  Лаура Қарабасова қос ғалымға жылы лебізін білдіріп, ғылым саласында үнемі тынымсыз ізденісте жүретін әріптестеріне лайықты марапат екенін ерекше  атап өтті.

Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен техника ғылымдарының кандидаты, доцент  Мұрат Қуанышев,  педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Базархан Имангалиева,  философия ғылымдарының кандидаты Үмбетқан Сәрсембин, PhD Жандарбек Иманчиев,  педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Әділғали Сагимбаев және   есеп бөлімінің бас экономисті Индира Онгарбаева марапатталды.

Сондай-ақ, Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатын  Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Майра Алдиярова, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Елена Кокотова, PhD Зухра Аймаганбетова, «Педагогика, психология және бастауышта оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Роза Досмырза, биология ғылымдарының кандидаты Гүлнұр Адманова,  физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Абзал Жұбаев, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бауыржан Келаманов иеленді.

«Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін алғысымды білдіремін! Өз ісіңізге жауапкершілікпен қарап, өзіңізге сеніп тапсырылған міндеттеріңізді атқаруда жақсы нәтижелерге қол жеткіздіңіз. Сізге өз ризашылығымды білдіре отырып, алдағы уақытта да ел игілігі жолындағы кәсіби қызметіңізге табыстар мен сәттіліктер, отбасыңызға амандық тілеймін!»,- делінген Алғыс хатта.