Среда, Апрель 17, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Студенттер ІІІ халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанды

Студенттер ІІІ халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанды

Қазақстандық студенттер «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» ІІІ халықаралық интернет олимпиадада  үздік болды.

Биыл 15 қыркүйек пен 30 қазан аралығында ТМД Парламентаралық ассамблеясының Демократияны дамыту мониторингінің халықаралық институты Саратов мемлекеттік заң академиясымен бірлесе ұйымдастырған «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» ІІІ халықаралық интернет олимпиадасы өтті. Оған Достастық елдерінің 149 жоғары оқу орнынан 1 465 студент қатысты. Қазақстан Республикасынан 26 жоғары оқу орнынан 364 студент қатысты.

Ұйымдастыру комитеті мен халықаралық әділқазылар алқасы «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» ІІІ халықаралық интернет олимпиадасының қорытындысына сәйкес интернет-олимпиаданың жеңімпаздары болып 101 және одан да көп балл жинаған ТМД елдері жоғары оқу орындарының 24 студенті анықталды. Жеңімпаздар арасында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті Мадина Ертайқызы Аралбаева мен М.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ студенті Альбина Асылханқызы Байқадам бар.

Олимпиада жүлдегерлері болып 81-ден 100 баллға дейін алған 207 студент анықталды. Олардың 27-сі – қазақстандық студенттер.

Интернет-олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

 

/aikyn.kz/