Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» жобасы бойынша оқыту семинары басталды

«Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» жобасы бойынша оқыту семинары басталды

Бүгіннен бастап Жұбанов университетінде Дүниежүзілік банктің қолдауымен жүзеге асырылатын ХAMК қолданбалы ғылымдар университеті (Финляндия) және Назарбаев университетімен бірлескен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» жобасының төртінші кезеңін жүзеге асыру мақсатында педагогикалық әзірлеушілер профессор-оқытушыларды оқытуды бастады.

Бір аптаға созылатын семинар аясында «Педагогикалық білім берудегі үрдістер», «Білім беру бағдарламасы», «Оқыту және оқыту әдістері», «Саясат, бағалау нысандары мен жүйелері», «Қолайлы оқу ортасы», «Мұғалімдердің ІТ-құзыреттілігі және цифрлық педагогика», «Білім беру бағдарламаларының пәндік компоненті — бұл оқу жоспарын және курс бойынша оқу материалдарын құру», «Оқу жоспарын қалыптастыру және оқу материалдарын жасау принциптері» тақырыптары бойынша дәрістер өткізіледі.

Семинардың бірінші күнінде тыңдаушылар еліміздегі педагогикалық білімнің қазіргі жай-күйі мәселелерін талқылауда белсенділік танытып, жоғары оқу орнының педагогикалық қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.