Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жергілікті бюджет есебінен білім грантына құжат қабылдау басталды

Жергілікті бюджет есебінен білім грантына құжат қабылдау басталды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университеті төмендегі білім бағдарламалары  топтары бойынша Ақтөбе облысы әкімдігінің  бюджет есебінен  білім беру гранттарының босаған орындарына  конкурс жариялайды.

Қажетті құжаттар деканаттар арқылы 2023 жылдың 9-13 қаңтар аралығында қабылданады.

Қажетті  құжаттар:                                                          

— университет ректорының атына жазылған  білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға  өтініш;

— транскрипт;

— жеке куәлік көшірмесі.

Рет № Білім бағдарламасының тобы Білім беру бағдарламасының атауы Үміткерлер үшін
Бос орындар саны Түскен жылы курс Оқу тілі
1 В012 Химия мұғалімдерін даярлау 6В01504-Химия 3 2022 1 қазақ
2 В017 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау 6B01702-Орыс тілі мен әдебиеті 2 2022 1 орыс
3 В018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау 6B01706-Шетел тілі: екі шетел тілі 1 2022 1 қазақ