Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Қазақстандық студенттер Дүниежүзілік Қысқы универсиадаға қатысады

Қазақстандық студенттер Дүниежүзілік Қысқы универсиадаға қатысады

Қазақстан студенттер құрамасы АҚШ-тағы (Лейк-Плэсид қ.) ХХХІ Дүниежүзілік қысқы Универсиадада өнер көрсетеді. Салтанатты ашылу рәсімі бүгін «Olympic Center» алаңында өтеді. Спорттық жарыс 2023 жылдың 22 қаңтарына дейін жалғасады.
FISU Дүниежүзілік студенттік ойындар деп аталатын Универсиада Олимпиада ойындарынан кейінгі ең ірі дода саналады. Қысқы Универсиадаға әлемнің 50 елінен студенттер қатысады.
Қазақстанның намысын спорттың он түрінен 78 спортшы қорғайды. Студенттер биатлон, сноу­борд, шаңғы, тау шаңғысы, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шаңғы қоссайысы, коньки, шаңғымен трамплиннен секіру және шайбалы хоккей секілді спорт түрлерінен бақ сынайды.
Универсиаданы өткізу барысы туралы ақпарат Ұлттық олимпиада комитетінің ресми парақшаларында жарияланады, ал тікелей эфир «Qazsport» телеарнасынан көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2017 жылы елімізде өткен Универсиадада ең үздік нәтиже көрсетті. Сол жылы қазақстандықтар 11 алтын, 8 күміс және 17 қола (барлығы 36) медаль жеңіп, екінші орынға ие болған болатын.
/gylym.jogarybilim/