Воскресенье, Сентябрь 24, 2023
Басты > Жаңалықтар > Қауымдастырылған профессор ғылыми атағына ие болды

Қауымдастырылған профессор ғылыми атағына ие болды

Университет оқытушысы Зухра Аймағанбетоваға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен «Физика» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.

Зухра Аймағанбетова «Физика» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. Университетімізде 18 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді.  «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD). Ғылыми жарияланымдарының саны – 19. Хирша бойынша индексі — 6.

Ғалымды ғылыми атағымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!