Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қазақстандағы алғашқы филиал Ақтөбеде ашылады

Қазақстандағы алғашқы филиал Ақтөбеде ашылады

Бүгін университет ректоры Лаура Қарабасова ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында болып, институт директоры Еркін Тұқымовпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Басқарма төрағасы Лаура Қарабасова Жұбанов университетінің Батыс өңіріндегі жетекші оқу орны ретінде ірі ғылыми орталықтардың бірі екендігіне тоқталып, оқу орнының академиялық саясаты ғылыми-зерттеулер мен нәтижелерді тәжірибеде қолдануды жетілдіруге бағытталатынын ерекше атап өтті.

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директоры Еркін Тұқымов еліміздің түрлі өңірлерінде белсенді іс-шараларды өткізуді әркез қолдайтынын, оның ішінде Жұбанов университетінде институттың өкілдігін ашу жоспарда екенін жеткізді.

Айта кетейік, бұл институттың Қазақстанда ашылатын алғашқы өкілдігі болмақ.