Воскресенье, Январь 29, 2023
Басты > Жаңалықтар > АҚШ елшілігі мен Жұбанов университеті: ынтымақтастық перспективалары

АҚШ елшілігі мен Жұбанов университеті: ынтымақтастық перспективалары

Бүгін АҚШ елшілігінің  Мәдениет және білім мәселелері жөніндегі атташесі Эмбер Ора Жұбанов университетінде жұмыс сапарымен болды.

Кездесу барысында Эмбер Ора еліміздегі дипломатиялық миссиясын атап өтіп, екі елдің университеттері арасындағы серіктестікті дамыту бойынша өзара білім алмасу бағдарламалары жайлы баяндады.

Сонымен қатар қос тарап English Language Fellow бағдарламасы аясында серіктестікті кеңейту, профессор-оқытушылардың ғылыми зерттеулерге қатысу мүмкіндігін арттыру, тағы да басқа білім мен ғылым саласына қатысты мәселелерді талқылады.

Айта кетейік, алдағы уақытта English Language Fellow бағдарламасы бойынша АҚШ-тан арнайы маман келіп, 10 ай бойы оқу орнымыздағы білім алушыларға және  оқытушыларға дәріс өткізетін болады.

Атташемен кездесуге университеттің Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров, Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова, Халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры Майра Алдиярова, Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Нұргүл Жантурина тағы басқалары қатысты.

Басқосу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы келісімге келді.  Екі жақ та өзара ынтымақтастық мамандар даярлау сапасын арттыруға және аймақтың, жалпы еліміздің экономикасын ағылшын тілінде жақсы білімі мен дағдысы бар білікті мамандармен қамтамасыз етуге септігін тигізетініне сенім білдірді.