Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университетте ғалымға құрмет көрсетілді    

Университетте ғалымға құрмет көрсетілді    

Бүгін Жұбанов университетінде еліміздің белгілі математик ғалымдары бас қосты. Олар физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Құрметті академигі Кенжеғали Кенжебаевтың 70 жылдық мерейтойына орай өткізілген іс-шараға қатысты.

Мерейтойға орай ұйымдастырылған Ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісінде ғалымды Ақтөбе облысы әкімі Ералы Тоғжанов, қала әкімі Мұрат Жөребеков, облыстық білім басқармасының өкілдері, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, университет басшылығы мен профессор-оқытушылар, шәкірттері құттықтады.

Жиында профессордың өмірі мен қызметі, ғылыми жетістіктері, еліміздің жоғары мектебіне сіңірген еңбегі жайында физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Жайшылық Сартабанов баяндама жасады.

Профессор Кенжеғали Кенжебаев Жұбанов университетінде қызмет жолын аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, факультет деканы қызметтерінен бастап, 20 жылдан астам уақыт университет ректоры қызметін абыроймен атқарды.

Ғалымның 100-ден астам ғылыми еңбектері ТМД елдерінің басылымдарында жарық көрді. Оның жетекшілігімен дифференциалдық теңдеулердің сапалық теориясын зерттеу және басқарудың математикалық теориясының кейбір есептерін талдап жасау жөніндегі ғылыми мектептері қалыптасқан.

Айта кетейік, мерейтойға арналған жиында Кенжеғали Кенжебаевқа «Құдайберген Жұбанов» төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ, белгілі математиктер Сайлаубай Жұматов пен Асқар Жұмаділдаевқа  Жұбанов университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді.