Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Оқытушылар оқыту тәжірибелерін жетілдірді

Оқытушылар оқыту тәжірибелерін жетілдірді

Бүгін Жұбанов университетінде профессор-оқытушыларға сабақты тиімді жоспарлау арқылы оқыту мен тәжірибені жетілдіруге арналған семинар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – тәжірибе алмасу, оқыту әдістемесінің озық тәжірибелерін талқылау.

Семинарды Педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушысы Тұрсынай Көпжасарова жүргізді.

Сабақ барысында қатысушылар мұғалімдердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту және бағалау, Smart талаптарына сәйкес бағалау арқылы сабақ мақсаттары мен критерийлерін тұжырымдау, білім алушыларды жеке ерекшеліктеріне сәйкес қолдау, оқыту және бағалау процесін тиімді бағалау мәселелері бойынша жаңа дағдыларды игерді.

Айта кетейік, семинарға университеттің 80-ге жуық оқытушысы қатысуда. Семинар ертең де жалғасын табады.

Сәтті бітірген оқытушыларға сертификаттар табысталады.