Жыл сайын Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан Қазақстан ЖОО білім беру бағдарламаларының рейтингісі жүргізілуде.
Жоғары оқу орындарының рейтингісін жасау барысында ЗТМО (зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы) мәліметтері бойынша алынатын түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші мен олардың орташа еңбекақысы сарапталады, сонымен қатар оқытушылардың практикалық тәжірибесі, ЖОО-ның білім беру бағдарламасына жұмсаған инвестициялары, мамандықтың халықаралық аккредиттелуі, білім алушылардың жетістіктері қарастырылады. Бұдан басқа рейтингке қатысатын мамандықтардың сәйкес салаларынан тартылған тәжірибесі мол мамандар мен сарапшылар білім беру бағдарламаларында берілетін пәндердегі тақырыптардың толықтылығы мен өзектілігін бағалайды.
2023 жылдың 25 қаңтарда ЖОО білім беру бағдарламаларының ағымдағы рейтинг қорытындылары жария етілді. Осы рейтинг қорытындысы бойынша университетіміздің 6В01501-Математика, 6В01502-Физика, 6В01601-Тарих, 6В01801-Әлеуметтік педагогика және тьюторлық білім беру бағдарламалары бірінші орындарға ие болды.
Осыған байланысты аталған мамандықтардың ұжымдарына жоғары көрсеткіштерімен құттықтаймыз!
Рейтинг нәтижелеріне сәйкес ТОП-5 үздік білім бағдарламаларына Жұбанов университетінің келесі мамандықтары енді:
1-место: |
6В01501-Математика 6В01502-Физика 6В01601-Тарих 6В01801-Әлеуметтік педагогика және тьюторлық |
2-место: |
6В05302-Химия 6В07105-Химиялық инжиниринг 6В01506-География |
3-место: |
6В01505-Биология 6В01704-Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті 6В02101-Хореография |
4-место: |
6В02102-Дизайн 6В05301-Физика |
5-место: |
6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу 6В01405- Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау 6В01504-Химия 6В02302-Аударма ісі
|
Дереккөз: https://atameken.kz/ru/university_ratings?year=2022&ut=&epg=&ep=®ion=&sort=epg_asc&profile=
Академиялық сапаны арттыру департаменті