Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ынтымақтастық туралы меморандумға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен «Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының кітапханалар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Президенті Гүлжан Иржанова қол қойды.
Бұл меморандум қазіргі заманғы кітапхана ісінің үрдістерін, жоғары оқу орындары кітапханаларын дамытудың халықаралық тәжірибесін және олардың корпоративтік қызметін, ағымдағы жай-күйін, сондай-ақ кітапхана саласындағы халықаралық және мемлекеттік нормативтік құжаттардың ережелерін ескеретін құжаттарды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Меморандумда еліміздің жоо кітапханалары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл негізінде ақпараттық-кітапханалық ресурстар мен қызметтердің бірыңғай корпоративтік кеңістігін құру көзделген. Осылайша, лицензияланған ақпараттық ресурстарға ортақ қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, осы бағыт бойынша одан әрі жұмыста университет кітапханасы және жалпы кітапхана кадрларын даярлау саласындағы жүйелі мәселелер қаралып, шешіледі деп күтілуде.
/gylym.jogarybilim/