Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Білім > Жұбанов университетінің басшылығы Heriot-Watt университетінде

Жұбанов университетінің басшылығы Heriot-Watt университетінде

Бүгін Жұбанов университетінің басшылығы Ұлыбританияға жұмыс сапары барысында Heriot-Watt университетіне барды.

Кездесуде тараптар Жұбанов университетінің базасында Ұлыбританиядағы жетекші зерттеу жоғары оқу орындарының бірі – Heriot-Watt университетінің филиалын ашу мәселесі бойынша келіссөздердің шешуші маңызды кезеңін бастады.

1 ақпан күні өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылады.

Осыдан екі ай бұрын Ұлыбританиядағы Heriot-Watt университетінің ректоры Марк Биггс Ақтөбеге арнайы келіп, облыс басшылығымен және Жұбанов университетінің басшылығымен кездескен болатын.

Эдинбург қаласында өткен бұл жолғы кездесуде Жұбанов университетінің басшылығы үш («Мұнай-газ ісі», «Электронергетика», «Компьютерлік инженерия»)  білім беру бағдарламасы бойынша университеттің материалдық-техникалық базасымен танысады. Сонымен қатар бағдарламаны әзірлеушілермен, декандармен, ұжым мүшелерімен кездесіп, алдағы маңызды мәселелерді талқылады.