Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ұлт абызының жаңа кітабы жарыққа шықты

Ұлт абызының жаңа кітабы жарыққа шықты

Философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы артына өшпес ғылыми мұра қалдырған ғалым. Жуырда профессордың «Ұлттану» атты жаңа кітабы жарық көрді.

Бұл кітап – ұлттану теориясы бойынша қазақ тілінде жазылған тұңғыш еңбек. Әрі монография, әрі оқу құралы қызметін атқаратын зерттеу еңбегінде ұлттық қасиеттер мен құндылықтар, ұлттық мемлекет, мәдениет, идеология, дін, тәрбие секілді өзекті мәселелер ұлттану теориясы негізінде сөз болады.

Ғалым, профессор Амангелді Әбдірахманұлы мақалаларында ұлт табиғаты, ұлт психологиясы, ұлттық мемлекет, ұлттық мәдениет туралы ойларымен бөліседі. Сонымен қатар кітаптағы бір топ мақалалар мемлекеттік тіл мәселесіне арналған. Сондай-ақ автор ресейлік, батыстық әлеуметтанушылар еңбектері негізінде жаһандану тұсындағы, Батыс Еуропа елдеріндегі, посткеңестік елдердегі діндарлық ерекшеліктерін баяндайды.

Жаңа кітап жалпы ұлттану мәселелеріне қызығушы барлық оқырманға арналады.