Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Фитнес-зумба» жобасы өз жұмысын бастады

«Фитнес-зумба» жобасы өз жұмысын бастады

Жұбанов университеттің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері үшін жағымды жаңалық.

Университет жанынан «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының бастамасымен «Фитнес-зумба» денсаулықты сауықтыру жобасы өз жұмысын бастады.

Денсаулықты сақтау мен нығайтып отыру әркезде де маңызды. Бұл жоба жұмыстан бөлек қызметкерлерге салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік бермек.

Жаттығу әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 13.00-13.50 аралығында өткізіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысам деушілер өзімен бірге ыңғайлы спорттық киім және жеңіл аяқ киім, су, сүлгі әкелуі қажет. Сонымен бірге жаттығу алдында жеңіл-желпі тамақтанғаны дұрыс.

Тренерлер «Самғау» би ансамблінің жетекшісі, магистр Анаргүл Қалдыбаева және кафедра оқытушысы Анар Шобдарова.

Мекенжайы: Ағайынды Жұбановтар көшесі, 265 (Жастар сарайы, Нұрсұлу Тапалова атындағы би залы).

Қосымша ақпарат алу үшін көрсетілген нөмерге хабарласуға болады: +7 775 732 82 88