Среда, Апрель 24, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жұбанов тағылымы

Жұбанов тағылымы

Құдайберген Жұбановтың ғылыми мұрасына арналған халықаралық конференция өтті. «Жұбанов тағылымы» деп аталған жиынға алыс-жақын шет елдерден ғалымның өмірін, еңбегін зерттеген мамандар жиылды. Үш Д кітап форматындағы «Жұбанов мұрасы» виртуалды мұрағаты таныстырылды.

Халықаралық конференция биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылды. Қазақ тіл білімінің тұңғыш профессоры туралы деректер жыл сайын жаңарып келеді. Оның тіл білімі саласына қосқан үлесін шет ел ғалымдары да қызыға зерттеу үстінде.

Ғалым Тіл ғана емес әдебиет негізін қалауға айрықша үлес қосты. «Абай- қазақ әдебиетінің классигі» деген мақаласында, ол қазақтың бас ақыны жөнініде толығырақ жазуға тырысты дейді зерттеушілер. Өйткені белгілі себептермен Абай туралы Мұхтар Әуезов айта алмаған деректер Құдайберген Жұбановтың еңбегінде жазылыпты.

Конференция аясында «Үздік жұбановтанушы» байқауы ұйымдастырылды. Магистрант, студент және мектеп оқушылары мен мұғалімдер ғалым туралы мақала, эссе, музыкалық шығарма жазып тапсырды. Барлығы 60 жұмыс қабылданды.

источник