Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жұбанов университетінің студенті Норвегияда өтетін фестивальге Қазақстан атынан қатысады

Жұбанов университетінің студенті Норвегияда өтетін фестивальге Қазақстан атынан қатысады

Меруерт Өтембет университетімізде «Шетел тілі:екі шетел тілі» мамандығы бойынша 4 курста оқиды. Болашақ филолог біздің елімізді ISFiT Халықаралық студенттер фестивалінде таныстыратын болады. Айта кету керек,  екі жылда бір рет өткізілетін барлық мамандықтағы студенттерге арналған әлемдегі ең үлкен тақырыптық студенттер фестивалі. Осы жылы ISFiT командасы 3000 үміткердің ішінен қатысушыларды мұқият іріктеді.

Іріктеуден өтіп, әлемнің  түкпір-түкпірінен келген 400-ге жуық студент Норвегияның Тронхейм қаласында кездесіп, бірегей халықаралық тәжірибе жинайды. Екі апта ішінде студенттер диалог алаңдарында жаһандық мәселелерді талқылап, шешімдерін іздейді. Бұл фестивальдің тақырыбы: «Мәдени және әлеуметтік поляризация». Фестиваль тақырыбы әр жылдары өзгеріп отырады, бірақ әрқашан халықаралық күн тәртібінің әлеуметтік және саяси аспектілерімен байланысты болмақ.

ISFiT фестивалі 9-19 ақпан аралығында өтеді.