Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбеде 7 студент профессор Құдайберген Жұбанов атындағы білім грантына ие болды

Ақтөбеде 7 студент профессор Құдайберген Жұбанов атындағы білім грантына ие болды

Ақтөбеде «Жұбанов тағылымы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

Осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылған дәстүрлі жиынға Ресейден арнайы делегация келсе, Қытай, Түркия мен Үндістан елінің ғалымдары бейне-онлайн режимінде баяндама жасады.

Профессор Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті ғалымның тағылымды еңбектерін насихаттап, игі істерін жалғастырып келеді. Оқу орнында «Жұбановтану» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.

Нар тұлғаға арналған музей жыл сайын толықтырылып, жаңғыртылып тұрады. Бұдан бөлек, университеттің 14 студентіне «Жұбанов» атындағы арнайы степендия тағайындалған. Биыл 7 студент ғалым атындағы білім грантына ие болды. «Жұбанов жылуы» атты еріктілер тобы құрылып, жалғызбасты қарияларға көмек көрсетіп жүр.

Асқар Жұбанов, Құдайберген Жұбановтың ұлы:

– Университетте оқып жатқан жастар, жасөспірімдер ең бірінші тілді зерттегенде, оның танымал мамандарын бірінші білу керек. Неге, Құдайберген Жұбанов атындағы университетте оқисың? Ол кім? Қандай ғалым деген сұрақтарға жауап бере алатындай дәрежеде оқыту үшін ең бірінші Қ.Жұбановтың зерттеулерін жақсы білуге арналған. Соның бірі – осындай халықаралық конференция.

источник