Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет ректоры ұжыммен кездесті

Университет ректоры ұжыммен кездесті

Жұбанов университетінің Басқарма төрағасы-Ректор Лаура Қарабасова профессор-оқытушылармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында оқу орнының басшысы Heriot-Watt университеті филиалының ашылуы аясында жаңа оқу жылына студенттерді қабылдау мәселесін талқылады. Жиында ректор оқытушыларға қойылатын талаптар, контент мәселелері, қабылдау ережелеріне тоқтала келіп, бұл жобаның білім алушыларға қандай мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті. Сонымен қатар Heriot-Watt университетімен ынтымақтастық аясында оқытушыларға берілетін мүмкіндіктер жайлы да айтылды.

Сондай-ақ, ұжыммен басқосуда алдағы жұмыс бағыттары да таныстырылды.
Университет басшысы профессор-оқытушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Жиында ұжымның ұсыныстары да тыңдалды.