Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Отандық фармацевтика өндірісінің жұмысымен танысты

Отандық фармацевтика өндірісінің жұмысымен танысты

Бүгін Жұбанов университетінің өкілдері «Бизнес пен ғылымды интеграциялау» миссиясы аясында дәрі-дәрмек өндіруші «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС фармацевтикалық зауытына  барды. Олардың қатарында университеттің жаратылыстану факультетінің деканы, ғылым және инновациялар департаментінің директоры, коммерцияландыру офисінің басшысы, биология кафедрасының меңгерушісі және ғылыми қайраткерлер бар.

Университет өкілдерін зауыт директоры Жаңагүл Төреханова мен директордың сапа ісі жөніндегі орынбасары Бибісара Кульманова күтіп алып,  зауыттың тыныс-тіршілігімен, экстракция, су дайындау, блистерлеу және т. б. цехтармен таныстырды.

Кездесу барысында тараптар одан әрі ынтымақтастық аясында коммерцияландыру бойынша бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын талқылады.