Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Білім > Өңірдегі ғылымды дамыту: үшжақты меморандумға қол қойылды

Өңірдегі ғылымды дамыту: үшжақты меморандумға қол қойылды

Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекұлының қатысуымен өткен жиында Ақтөбе облысы әкімі Ералы Тоғжанов, Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова және Ақтөбе облысындағы өндіріс мекемелерінің басшылары өңірдегі ғылымды дамыту бойынша үшжақты меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты — білім беру, ғылым және технологияларды дамыту саласындағы жобаларды іске асыруға бағытталған әріптестік қатынастарды орнату және тараптар арасындағы ұзақ мерзімді, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту.

Кездесу барысында тараптар алдағы уақытта бірлесе атқаратын жұмыстарды талқылады.

Ынтымақтастық аясында студенттердің Start Up жобаларын жүзеге асыру, Академиялық шеберлік орталығын қалыптастыру, аймақ ғалымдарының гранттық жобаларға қатысуына қолдау таныту секілді тағы да басқа мәселелер жүзеге асатын болады. Сондай-ақ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС, «Коппер Текнолоджи» ЖШС, «Ақтөбе хром қосындылары» зауыттары базасында университеттің ғалымдары тағылымдамадан өтіп, студенттер, магистранттар мен докторанттар ұйымның мамандандырылған жабдықтарында, зертханаларында жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Министр Саясат Нұрбекұлы кездесуден кейін Жұбанов университетінің серіктесі Ақтөбе ферроқорытпа зауытына барып, зауыт жұмысымен танысты.