Четверг, Март 28, 2024
Басты > Хабарландырулар > Ертең Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Аимбетов Жұбанов жастарымен кездеседі

Ертең Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Аимбетов Жұбанов жастарымен кездеседі

11.12.2017

Ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры, «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының вице-президенті Айдын Ақанұлы ертең Жұбанов университетінің жастарымен кездеседі.  Кездесу «Құдайберген Жұбанов» конференцзалында  сағат 11:00-де басталады.

Айдын Аимбетов ғарышқа 2015 жылы ұшып, Қазақстанның ғарыш саласындағы мерейін  үшінші  ғарышкер болып асқақтатты. Ол Алматы облысы (бұрынғы Талдықорған облысы) «Заря коммунизма» (қазіргі Өтенай) селосында туып өскен. Ғарышкер атану — бала күнгі арманына 44 жасында қол жеткізді.  Өз мүмкіндігін күтіп, 12 жыл тынбай жаттықты. Айдын Аимбетовтың табандылығы, еңбекқорлығы, отансүйгіштігі жастарға қашан да үлгі.

Ғарышкер А.Аимбетовпен бірге У.С.Авдеенко (Еуразиялық планетарийлер ытымақтастығының тең төрағасы, Нижний Новгород планетарийі директорының ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары, Нижний Новгород қаласы,  РФ), Ж.Сақұрпағы (жазушы-фантаст, Қазақстан Жазушылар Одағының және ТМД Астрономия-геодезия қоғамының мүшесі, Астана қаласы,  Қазақстан),  Л.И.Щестакова (физика-математика ғылымдарының кандидаты, В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институтының жұлдыздар физикасы мен тұмандықтар зертханасының меңгерушісі, Алматы қаласы, Қазақстан), Н.Ә.Бейсен (физика-матматика ғылымдарының кандидаты, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының директоры, Алматы қаласы, Қазақстан), М.Г.Гаврилов (физика-математика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық астрономиялық олимпиадалардың төрағасы, Пущино радиастрономиялық обсерваториясының жетекші ғылыми қызметкері, Москва қаласы, РФ),  И.И.Куцеволова («Знамени мира» үйлестіру орталығының үйлестірушісі, Ростов-на-Дону қаласы, РФ), С.А.Дауталиев (жас техниктер станциясының директоры, ғарыш зертханасының жетекшісі, Қазақстан Республикасының білім саласының үздігі, Талдықорған қаласы, Қазақстан), Қ.Ш.Бөлеков (Еуразиялық планетарийлер ынтымақтастығының тең төрағасы, Ақтөбе облыстық планетарийінің директоры, Ақтөбе қаласы, Қазақстан) келеді деп күтілуде.