Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Білім берудегі менеджмент» біліктілік курсы өткізілді

«Білім берудегі менеджмент» біліктілік курсы өткізілді

Бүгін Жұбанов университетінде «Білім берудегі менеджмент» тақырыбында университеттегі құрылым басшылары, декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілерінің біліктілігін арттыруға арналған 8-сағаттық курс өткізілді.

Курсты Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті  арттыру ұлттық орталығының «Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Елизавета Давлеткалиева және аға оқытушы Ақмарал Изтлеуова жүргізді.

Курс барысында қатысушылар басқарудың педагогикалық менеджмент негіздерін меңгере отырып, құзырлылық біліктілігін арттырды. Сонымен қатар «Білім берудегі менеджмент әдістемесі», «Білім беру жүйелеріндегі басқару механизмдері» тақырыптары кеңінен талқыланып, тыңдаушылардың назарына ұсынылды.

Курс соңында барлық тыңдаушыларға сертификаттар  табысталды.