Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Techno Women» клубының алғашқы тыңдаушылары курсты сәтті аяқтады

«Techno Women» клубының алғашқы тыңдаушылары курсты сәтті аяқтады

Жұбанов университетінің физика-математика факультеті жанынан Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша әйелдер мен қыздардың цифрлық дағдылары мен құзыреттерін дамытуға мүмкіндіктер жасау мақсатында «Techno women» клубы құрылған болатын.

Клуб жұмысы өткен жылдың қараша айында басталды.
«Цифрлық дағдылар мен құзыреттерін дамыту» тақырыбындағы алғашқы курсқа университеттің профессор-оқытушылары қатысып, сәтті аяқтап отыр.

Айта кетейік, кәсіби педагогикалық ортада цифрлық технологияны қолдану, оқытудың нәтижелерін бағалаудың цифрлық құралдарын білу, білім алушылардың білім беру мүмкіндіктерін кеңейту үшін цифрлық құралдарды қолдану сынды бағыттар бойынша клуб жұмысы жалғасатын болады.