Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Мәдениет және өнер өкілдері бас қосты

Мәдениет және өнер өкілдері бас қосты

Бүгін Жұбанов университетіне мәдениет және өнер өкілдері жиналды. Оқу орнында жыл сайын дәстүрлі түрде «Мәдениет және өнер құндылықтарының заманауи формадағы даму әдістері» тақырыбындағы Республикалық әдістемелік семинар өткізіліп келеді.

Биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған іс-шараға қаламыздағы білім мекемелерінің, шығармашылық орталықтардың директорлары, хореограф мамандар, музыка пәнінің мұғалімдері, шығармашылық үйірме жетекшілері қатысты.

Жиында онлайн форматта Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Ағайша Исағұлова «Сырнаймен өзін — өзі сүйемелдеп ән салудағы назар аударатын басты ерекшеліктер және тыныс алу техникасы» тақырыбында мастер класс көрсетті. Алматы қалалық №2 оқушылар үйінің Вокал класының педагогі Эльмира Абдолданова «Вокал класында жеке және топпен ән салуға баулудың өзіндік ерекшеліктері» тақырыбында коучинг жүргізді. Сондай-ақ, композитор-продюсер Алтын Маханбетова «Еліміздегі балалар репертуарының қазіргі деңгейі және дамыту насихаттау жолдары» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.

Сонымен қатар басқосу барысында қатысушылар мәдениет саласы және ұлттық өнерге қатысты мәселелерді талқылап, ұсыныстарын ортаға салды.

Айта кетейік, семинардың мақсаты — жастардың бойында рухани адамгершілікті қалыптастыру, мәдени құндылықтарды жаңғырту.