Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Білім > Үздік оқытушыларға марапаттар табысталды

Үздік оқытушыларға марапаттар табысталды

Астанада жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларын марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар қатарында Жұбанов университетінің үш оқытушысы бар.
Олар физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қуанышбек Шүңкеев, география ғылымдарының кандидаты, доцент Айгүл Сергеева және PhD Зухра Аймағанбетова.

Айта кетейік, байқауда еліміздегі 43 жоғары оқу орнының 150 оқытушысы жеңімпаз атанған болатын. Елордада өткен салтанатты жиында үздіктерге марапаттарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек табыстады.

Байқау жыл сайын ЖОО оқытушыларының беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамуға ынталандыру мақсатында өтіп келеді. Жеңімпаздар 2000 АЕК көлемінде сыйақы алды, бұл шамамен 6 млн теңгені құрайды.