Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттер Еуразиялық топ өкілдерімен кездесті

Студенттер Еуразиялық топ өкілдерімен кездесті

Бүгін Жұбанов университетінде «Білім беру орталықтарындағы ERG күні» іс-шарасы өткізілді. Еуразиялық топ (ERG) өкілдері жастарды сұранысқа ие мамандықтарға тарту мақсатында кездесу өткізді. Кездесуге университеттің техникалық факультетінің 100-ге жуық студенттері және «Қазхром» трансұлттық компаниясы мамандары қатысты.

Кездесу барысында өкілдер ERG кәсіпорындарының өзге компаниялардан артықшылықтарына тоқталып, өндіріс ошақтарының алдағы жылдардағы даму бағыттарын атап өтті. Сонымен қатар студенттерді бос жұмыс орындары және жұмысқа қабылдау шарттары, өндірістік практиканы ұйымдастыру туралы ақпараттармен таныстырды. Кездесуде қызметкерлерге ұсынылатын әлеуметтік жеңілдіктер туралы да айтылды.

Жиында компания өкілдері студенттердің барлық сұрақтарына жауап беріп, топ кәсіпорындарында ашық есік күндері өткізіліп тұратынын жеткізді.

Айта кетейік, Еуразиялық топтың кәсіпорындары өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі саналады.