Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Бүгін Жұбанов университетінің белсенді студенттері Алғыс айту күніне орай «Gold Price party”  мерекелік іс-шарасын өткізді.

Мерекелік шарада жастарға қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттау мақсатында ұлттық киімдер мен ұлттық тағамдар дәріптелді.

Өнерлі жастар заманауи стильде би билеп, караокеде ән айтты. Сонымен қатар қазақтың әсем күйлері тартылды.

Оқу орнының әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Есбол Мұханбетқалиев жастардың бойына ұлттық сананы сіңіретін тағылымы мол кешті ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, аталмыш шараның тәрбиелік мәнін атап өтті.

Сондай-ақ, мерекелік кеште «Бауырсақ  party» ұйымдастырылып, университеттің оқытушылары мен қызметкерлері және студенттері ұлттық тағамнан дәм татты.