Бүгін Жұбанов университетінде Халықаралық әйелдер мерекесіне орай кіші қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, университет ректорының Алғыс хаты табысталды.
Университеттің басқарма мүшесі, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров оқу орнының тазалығының сақталуында, қызметкерлердің қолайлы ортада жұмыс жасап, студенттердің алаңсыз білім алуында кіші қызметкерлердің еңбегі ерекше екенін атап өтті.
Марапат иелері де өз кезегінде университет басшылығына алғыстарын білдірді.
— Университетте жұмыс жасап келе жатқаныма 20 жыл. Үнемі басшылық тарапынан қолдау танытылып келеді. Бұл алып жатқан екінші марапатым. Еңбегімізді бағалап, көрсетіліп жатқан сый-құрмет бізге ерекше көңіл күй сыйлады, — дейді №1 оқу ғимаратының техникалық қызметкері Айнагүл Түлекбаева.
Марапатпен қатар жиналғандарға Кәсіподақ ұйымы атынан сыйлықтар тарту етілді.