Вторник, Октябрь 4, 2022
Басты > Жаңалықтар > Электрондық ресурстарды пайдалану семинары өтті

Электрондық ресурстарды пайдалану семинары өтті

2017 жылдың 15-29 қараша күндері аралығында  Университетіміздің барлық ғимаратының ғылыми кітапханаларында «Электрондық ресурстарды пайдалану» атты семинар өтті.

Семинардың мақсаты — профессор-оқытушылар құрамын ғылыми кітапханадағы «Электрондық ресурстармен» таныстыру.

Семинар барысында электрондық ресурстарды оқу жүйесінде қалай қолдану туралы және де электрондық ресурстарға тіркелу жөнінде толық ақпарат берілді және оқытушылар Ирбис-64, АӨМУ электронды кітапханасы, РМЭБ, SpringerLink, Web of Science, Polpred, Эпиграф  сынды  электронды базалармен танысып, оларды қалай пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

Тарих факутеті кітапханасы

Бас ғимараты ғылыми кітапханасы

Экономика және құқық факультеті кітапханасы

Техникалық факультет кітапханасы