Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Полиция подполковнигі жастармен кездесті

Полиция подполковнигі жастармен кездесті

Бүгін Жұбанов университетінде Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ардана Саймағамбетовпен кездесу өтті.
Кездесуге университеттің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Жиында Ардана Саймағамбетов жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша деректер келтіре отырып, құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ол жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. Сондықтан да осындай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылуы қоғам қауіпсіздігін насихаттауда көп септігін тигізетініне тоқталды.

Сондай-ақ, басқосуда полиция подполковнигі жастармен тақырып аясында ашық алаң құрып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.